Ұлттық экономика вице-министрі ұсталды

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2023

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровке қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі вице-министрге қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растады.

Айта кетейік, Ілияс Өсеров 2022 жылы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді.