Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2023

Павлодарда үш жасар бала терезеден құлап кетті. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Pavlodarnews хабарлауынша, қайғылы оқиға 12 сәуірде кешкі уақытта болған. Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының мәлімдеуінше, бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлаған.

«Баланың терезеден құлауы туралы шақырту сағат 18:32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер баланың мерт болғанын анықтады.