Ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты 10 қадамы орындалды. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуінде айтты. Онда «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен судьялардың алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды.
Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:
Заң үстемдігін орнатуға арналған бағыттың 26 қадамы, оның ішінде 11 қадамы сот жүйесінің дамуына тікелей байланысты. Бүгінгі таңда сол 11 қадамның 10-ы бойынша тапсырма түгелдей орындалды. Осы бағытта барлық қажетті заңдар қабылданды.
Айбек ҚОСАНОВ