Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда мас күйде 4-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2023
  • 1058

Атыраулық полицейлер мас күйде 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz telegram-арнасына сілтеме жасап.

Полицияға Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің 4-қабатынан белгісіз азаматтың секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен.

1994 жылы туған ер адам полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде құтқарылды.

Дәрігерлік сараптама нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болған анықталды.