Бұдан былай ақбөкендердің миграциясы спутник арқылы бақыланбақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте белгілі болды. Соңғы мәлімет бойынша, елде 108 мыңға жуық киік мекен етеді. Олардың өсімін сақтап, көші-қонын бақылау үшін мойындарына қарғы орнатылмақ. Әзірге 25 ақбөкенді аулап, бағытын бақылайтын белгі орнатпақ.
Бақытбек Дүйсекеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы:
Қарғыбаулардың әрқайсының өзінің моделі, сапасы, пайданалу мерзімі болады. Айтып келгенде, 2 мың еуродан 10 мың еуроға дейін болады бағасы әрқайсысының.
Ал бұдан былай Каспийдегі бекіре балығын жылына 12 миллионға көбейту үшін, Атыраудағы қос зауыт қайта құрылымдаудан өтеді. Қазір жылына 7 миллион шабақ жіберіледі. Бұдан былай бекіре балығының айналымы, яғни саудасы да бақылауға алынады. Ол үшін заңға арнайы бап енгізу қарастырылып жатыр.