Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жеті жылқыны пойыз басып кетті

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2023
  • 1216

Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны басып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады.

Бұл азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.