Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 48 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2023
  • 1092

Елорда прокурорлары мемлекеттік органдардың қызметінде жосықсыз өнім берушілерге шара қолданбау фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.

Айыппұлдың жалпы сомасы - 4,4 млн. теңге.

"Прокурордың ұсынуымен өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызды уақтылы бермегені үшін 48 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағы)", - делінген хабарламада.