Бүгін қатарынан екі ведомствода кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Қаржы вице-министрі болып Татьяна Савельева тағайындалды. Оның мамандығы - экономист, қызметін Астана қалалық қаржы басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. Ал 2012 жылы Қаржы министрлігіне департамент директоры болып келген.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі болып Нұрлан Ыбырайым тағайындалды. Ол - заң ғылымдарының кандидаты, президент әкімшілігінде қызмет атқарған. Зияткерлік меншік құқығы комитетінде төраға орынбасары, Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының аппарат жетекшісі болып жұмыс істеген.
Құралай ПИОНЕР