Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

  • AstanaTV
  • 08 мамыр 2023
  • 733

9-11 мамыр күндері республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен күн райының құбылмалы сипаты сақталады – найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

«Атмосфералық қысымның жоғарылау фоны аталған кезеңнің басында Қазақстанның оңтүстік, орталық аймақтарына ашық және жауын-шашынсыз күн райын әкеліп, өз әсерін сақтайды. Бұл ретте ауа температурасының жоғарылау процесі жалғасады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады», - деді синоптиктер.