Ақтауда яхта суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 08 мамыр 2023

Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында яхта суға батып кетті.

Су көлігінің батып бара жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, шағын яхта 1-ықшам аудандағы «Бриз» клубының айлағында батқан.

«Яхта батып барады. Иесі үшін бұл ауыр қайғы ғой», - дейді видео авторы.

Қайықтарды жалға беретін компания келеңсіз оқиғаның болғанын растады.

«Яхта судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді компаниядан.