Русский Сайттың толық нұсқасы

Әзірбайжанда президент өкілеттілігінің мерзімі ұзартылады

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2016
  • 2354

Мұнайға тәуелді мемлекеттің бірі – Әзірбайжанда билік бастамасымен референдум өтті. Елді 2003 жылдан бері басқаратын президент Ильхам Әлиевтің өкілеттігін ұзартуды көздейді  –  президент қызметі 5 жылдан 7 жылға өсті. Ал сайлауға түсуге шек онсыз да жоқ. Референдумда болашақтағы басқарушы элитаны дайындаудың қадамдарына нұсқайтын сауалдар да шығарылған. 2 вице-президент қызметтері енгізіледі. Сонымен бірге парламент депутаты және мемлекет басшысы болудан үміткерлерге жас жағынан қойылатын талаптар төмендетілмек. Бірінші вице-президент қызметіне Әлиевтің мұрагері отыратынын айтады, «Газета. ру» порталы сұраған сарапшылар. «Әрине, мәселе қандай өкілеттіліктер берілетінінде»,- деген. Егер салмақты болса, сөз жоқ, мұрагер туралы айтуға болады. Алайда дәл қазір сөз қылудың мағынасы жоқ - Ильхам Әлиев мемлекет басқарушы үшін жап-жас. 54-те ғана...