Парижде басталған автосалоннан бір-екі деталь.
Ferrari компаниясы Ferrari LaFerrari Aperta суперкарын ұсынды. Онда 953 аттың күші бар. 6,3 литрлік қозғалтқыш, электрмотор, литий-ионды аккумуляторлар блогы мен жылдамдық ажырататын жеті сатылы «робот». Компания бұл автоның 200 данасын шығармақ. Ресми емес деректерге қарағанда, олардың бәрі сатылып кеткен. Әрқайсысы 2,1 млн доллардан.
2 есікті Mercedes-Maybach 6 да конвейрге қойылмайды. Ол Rolls-Royce пен Bentleyге бәсекелес болатын «салтанат – авто». Бағасы әзірге жарияланбаған, алайда бәсеке көліктердің бағасын ескерсек, бірнеше жүз мың еуро тұратыны анық. Люкс кластағы жердегі яхта қолжетімді болмайды, әрине. Ондай бағадан ауқаттылар қорықпайды да.
Ал Porsche Panamera 4 E-Hybrid саудағакелесі жылы шығады. Германияда 107 553 еуродан сатылады. Тапсырыс қабылдауды бастаған.
Жаңа буын Audi Q5 те келесі жылы сатылады. Оның бағасы 45 мың еуродан басталады. Жалпы, әлемдік автоиндустрия электркарларға бет бұрған. Бұл енді тереңдей беретін тенденция. Дүниежүзілік автосалондар жігіттердің ғана делебесін қоздырмайды...