«Ереван» саммитінің өтпей қалуына Кавказ қыратындағы қақтығыс себеп болды. Еуразиялық экономикалық комиссия осындай дерек келтіріп отыр. Бұған дейін оның шегерілуіне Таулы Қарабақтағы ахуалдың қатысы жоқ делініп келген еді.
«Еуразиялық бестік» жетекшілері басқосуының шегерілуіне Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кіретін 4 мемлекет ұсыныс жасады. Олар: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Беларусь. Соңғы сәтке дейін саммит қожайыны Армения өз шешімін қабылдамай келген. Бүгін таңертең Ереванға премьер-министр Кәрім Мәсімовтің бармайтыны да белгілі болды. Кездесу 13 сәуірде Мәскеуде өтуі мүмкін.
Құралай ПИОНЕР