Қызылордада қарттар күніне орай ақсақалдар мен әжелер байқауы өтті. Олар би билеп, ән айту мен қолөнер шеберлерін анықтады.
Жұптар вальс билеуден бір-біріне жол бермеді. Әжелер нәзік басып, ақсақалдар нақты қимылдап, жанкүйерлердің көнілдерінің шықты. Шәмшінің әндерін әсерлі орындаған жеке орындаушылар да назардан тыс қалмай, көпішіліктің көңілін тебірентті.
Ал енді бау-бақшаның күзгі өнімдерден жасалған бұйымдар көпшілікті таңқалдырды. Қазылар алқасының назарына қауыннан жасалған қайық, асқабақтан дайындалған себеттер, баялдыдан пингвиндер, алмадан қырықбуындар ұсынылды. Қатысушылардың қиялдарында шек болмады. Қазылар алқасы - облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қарттарға сый-сияпат көрсетті. Жалпы Қызылодада 23 мың қарт кісі тұрады.
Шарипа САҚТАПОВА