Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеу ауруханасынан шықты. Оның сауығып елге оралғаны жайлы президенттің ресми сайтында хабарланды. Бүгін сондай-ақ Қырғызстан президентінің халыққа үндеуі жарияланды. Онда Алмазбек Атамбаев барша отандастарына алғысын жеткізген. «Аяқасты жүрек сырқатына шалдыққанымда мен үшін дұға тілеп, отбасыма сүйеніш болғандарыңыз үшін рахмет. Маған ауруды жеңуге күш-қуат бердіңіздер», - делінген хабарламада.
Еске салайық, таяуда БҰҰ-ң кезекті жиынына аттанған Алмазбек Атамбаевтың жолда жүрегі ұстап қалған еді. Алғашқы емді Ыстамбұлда алып, кейін Ресей астанасындағы орталық клиникалық ауруханаға жатқызылған.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА