Қазақстанда киік саны 1,9 млн-нан асты

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2023
  • 1138

Қазақстандағы киік саны 1,9 миллионнан асты.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлағандай, биылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны 597 мың басқа, яғни 45,3%-ға артты.

«Оның ішінде ең көбі – Орал популяциясының саны 1,13 млн, Бетпақдала – 745 300, Үстірт-39 700 бас болып отыр», - дейді экологтар.

Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді.

Аталған жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.