Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы тауларында жоғалған Аустралия азаматының денесі табылды

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2023
  • 993

Алматы тауларында жоғалған аустралиялықтың денесі табылды.

Хабарламада 21 мамыр күні Jake Michael Үлкен Алматы көліне серуендеу үшін Қазыбек би көшесі, 66 үйде орналасқан «727» хостелінен шыққаны жазылған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында БАО-дан алыс емес жерде Аю-Сай шатқалында зорлық-зомбылық белгілерінсіз қайтыс болған 1995 жылы туған Herd Jake Michael-дың денесі табылды. Жеке заттары өзімен бірге болды. Кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.