Қоғамда көп жігіттердің көшеде қызбен танысуға батылы жетпейді

Қызбен қалай танысуға болады? Қазір оның түрлі тәсілі бар. Онлайн отырып, авасына әдемі фотосын қойып, көпшілігі қыздың көңілін табуға құмар. Ал бетпе-бет жүздесіп, танысып жатқандар жоқтың қасы. Бөріктілер батылдық танытпай ма? Әлде мәселе қыздарда ма? Әріптесім Дәрібек Бахытбек қыздарға қырындап, танысуға тырысып көрді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Қазір жастар әлеуметтік желі арқылы танысады. Әңгімелері жарасса ғана кездеседі. Бұрын ғаламтор болмады. Тек жүзбе жүз көргенде ғана есімін сұрайтын. Үлкендер танысу үшін сағат, мекен-жай сұрап ебін табатынбыз деп айтатын. Дәл сондай тәсілдерді қолданып көрмекпін.

- Сағатыңыз қанша болды?

- 12:11

- Есіміңіз кім? Танысуға бола ма?

- Сәлем! Қыздар қалайсыңдар? Есіміңіз кім?

- Біздің қолымыз бос емес.

- Сағатыңыз қанша болды? Сізбен танысуға бола ма? Сіз үшін келіп едім осы жерге сонша жерден.

- Жоқ, жігітім бар.

«Таныспаймын». Бейтаныс жанға осылай деп жауап қайтаратыны белгілі. Сондықтан алдымен әңгімеге тартып көрдім.

- Шашыңыз күн сияқты жарқырап тұр ғой. Күннен кейінгі әдемі сіз болып тұрсыз ғой.

- Ой, рақмет!

- Бұрыннан сондай әдемісіз ба?

- Бұрыннан әдемімін.

- Танысқым келіп тұр.

- Аружан.

- Қай жылғысыз?

- 2005.

- Кездесуге шақырайын дегем ғой сізді.

- Жоқ, рақмет! Басым бос емес.

- Қойыңызшы, жігітіңіз менең әдемі ма не?


- Көзілдірігің күшті екен, тағып көрсем бола ма? Мә, зрения ма не? Қай жақтан алдыңыз очкиді?

- Кешіріңіз ұмытып қалдым.

- Есіміңіз кім?

- Дильназ

- Танысуға бола ма?

- Жоқ.


- Менің айналам қазір сұп-сұлу, жап-жарық, әдемі болып кетті. Не үшін олай болып кетті десем. Сіз күннен кейін сұлу, жып-жылы болып тұр екенсіз. Танысуға бола ма?

- Ой, жоқ-жоқ.

Бұл тәсілім де нәтиже бермеді. Содан тағы басқа айлаға көштім. Қызғандыруға тырыстым.

- Сізбен танысуға бола ма?

- Жоқ.

- Онда мына қызбен таныса берем.

- Таныса бер.

- Не саған бәрібір ма не сонда?

- Қарындас сізбен танысуға бола ма? Таныса берейін ба? Не саған бәрібір ма не Марал? Мен сені ұнатып тұрмын.

- Есіміңіз кім?

- Аяжан.

- Қай жылғысыз?

- 2005.

- Танысуға бола ма сізбен?

- Неге Аяжан, мына қызбен таныса салам онда.

- Танысыңыз.

Келіскен қыздар болды. Есімін айтты. Тіпті телефон нөмерін берді.

- Инстаграмм бере аламын, иә.

- Жігітім қайда қалды десей?


- Танысқым келіп тұр сізбен, инстаграмм бола ма? Айтып жібересіз ба?

- Өзіңіз жазасыз ба?


- Есіміңіз кім?

- Не үшін?

- Жәй, танысқым келіп жатыр.

- Маржан.

- Қайдан боласыз?

- Атбасар.

- Оқисыз ба?

- Мен оқымаймын, жұмыс істеймін.

- Инстаграмыңыз осы ма?

- Иә.

- Нөміріңізді бола ма? Кездесуге шақырсам кешке.

- Бүгін бос емеспін.

- Қашан боссыз? Нөміріңізді бола ма?

- Жарайды, жазыңыз.

Танысу үшін жасаған бұл әрекетімді көбі шын деп ойлады. Біз оның әлеуметтік эксперимент екенін айттық.

- Рақмет! Эксперимент. Камера түсіріп тұр. Жалпы қандай көңіл күйде болдыңыз?

- Айта алмаймын.

- Жалпы шын деп ойладыңыз ба?

- Ну, да.

- Көбінесе жігіттер қалай танысады сіздермен?

- Тура осылай.

- Көшеде таныса ма? Әлде көбінесе инстаграм ба?

- Инстаграмда. Көшеде де танысатындар бар. Шашыма комплимент тастап.

- Рақмет. Эксперимент камера түсіріп тұр. Машинада. Жалпы шынайы деп ойладыңыз ба?

- Жоқ.

- Мүлде сенген жоқсыз ба?

- Айттым ғой сізге камера қайда деп.

- Мүлде сенген жоқсыз.

- Олай қазір жігіттер таныспайды.

- Қалай танысады?

- Қазір ешкіммен таныспайды ғой. Танысайықшы, танысайықшы демейді ғой. Реально. Поэтому білдім.

- Тек инстаграмда жаза ма?

- Иә.


- Қалай танысады?

- Жоқ, көбінесе былай жолда таныспаймын негізі.

- Қандай көңіл-күйде болдыңыз?

- Ешқандай. Ондай қатты көңіл күй болған жоқ. Просто түсінбей қалдым.

- Жалпы әлеуметтік желіде танысасыздар көп.

- Иә, негізі көбінесе.

- Рақмет.

Танысудың түрі, жарысымды жұп болудың жолы көп. Бейтаныс жанмен тілдесе кету қауіпті. Бірі осыны себеп қылса, енді бірі қазіргі тренд емес дейді.