Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада әйел баласымен 12-қабаттың терезесінен құлап кетті

  • 09 маусым 2023
  • 871

Астанада әйел кішкентай баласымен он екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Анасы сол жерде көз жұмды. Ал балаға жедел медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген, бірақ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қайғылы оқиға Сығанақ көшесінің бойындағы үйлердің бірінде түскі сағат 14:30 шамасында болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды.