Руслан Күлекбаевқа өлім жазасы берілсін. Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Жарқынбек Бақашбаев айыпталушыға осындай жаза сұрады. Ол өз сөзінде Қылмыстық Кодекстің 291-бабының 2-тармағымен, Конституцияда ең ауыр жаза - өлім жазасы террорлық акті жасағандарға қолданылатыны жайлы жазылғанын айтты. 
 
Жарқынбек Бақашбаев, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі: 
 
ҚР Қылмыстық кодексінің 255 бап 4 бөлігімен  мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы  берілуін сұраймын. 
 
Прокурор Күлекбаев ісі бойынша жауапқа тартылып жатқан 5 сыбайласын да жазасыз қалдырмауды сұрады. Олардың мүлкін тәркілеп, 3  жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру керек деді. Ал, басты айыпталушы Руслан Күлекбаев соңғы сөзінде қандай жазаға да көнетінін айтты. 
 
Руслан Күлекбаев, айыпталушы: 
 
Маған өлім жазасы болсын, мәңгілік отыру жазасы болсын,  қандай зорлық -зомбылық болсын  бәріне иншаллаһ сабыр етемін. Және маған  қолданған заңынан  Аллаһтың жаратқан шыбыны шақса,  сол маған қатты батады. Қалғаны маған  жай ғана.  
 
Бұл іс бойынша сот үкімі 2 қараша күні шығарылатыны белгілі болды.