Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауа райының қолайысыздығы мен дизель отынының тапшылығы ШҚО күнбағыс алқабын жинауға кедергі келтіруде

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2016
  • 2472

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығы мен кей өңірлердегі дизель отынының жетіспеушілігі дәнді дақылдарды жинап алуға кедергі келтіріп отыр. Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың сөзінше, барылық күнбағыс алқабының бүгінде не бары 37% ғана жиналған. Ал дизель отыны бүгінде еркін сатылымда жоқ. Салдарынан Көкпекті ауданының шаруалары жүргізушілерден литріне 150 теңгемен талон сатып алуға мәжбүр.

Ахмед Кәрібаев, «Маңырақ» шаруашылығының қожайыны:

Қәзір күнбағыс алқабы толық жиналған жоқ. Солярка да жоқ, міне бір ай болды. Техника ауылда, тіпті егістікке шыға алмай отырмыз. Мен күнде камаз жүргізушілеріне 1 литріне 150 теңгеден сатып алып, шөп шабуға барып жүрмін. Біз льготтық соляркаға үміт артқан едік, ол да болмады. Қар мен жаңбыр жауса, енді күніміз не болмақ? Уақыт болса кеп қалды.

Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар болса, егістік алқабы аяқталғанша тағы 25 мың тонна жанармай бөлінген дейді. Алайда оның қандай бағамен саудаға түсетінін дөп басып ешкім айта алмай отыр. Биліктегілер бағаны ойланып отырғанда, шаруалар еңбегіміз қар астында қалып, еш кетеме деп алаңдаулы.

Амангелді Уәлиев, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Бұрын литрі 94 теңгемен жіберілетін еді. Қазір 15 қарашадан бастап үкіметтің қаулысына сай бензин мен солярка акциздерінің бағасы көтерілген. Соған байланысты жаңа түзетулерді күтетін боламыз.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ