Ресей Сирияның ата заңын жандандыру жұмыстарын қолдайды. Федерация басшысы Владимир Путин Берлинде өткен 19-ші норманд форматындағы отырыста осыны мәлімдеді. Және Мәскеу қолдан келгенше Алепподағы әуе қақтығыстарды тоқтатынын айтты.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Ресей Сирияның жаңа конституцияны қабылдауын қолдайды. Құжат барлық тараптарды ымыраластырып, алдын ала сайлау өткізуге мүмкіндік беруі шарт.
5 сағатқа созылған отырыста Владимир Путин Украинаға қатысты да пікірін білдірді. Айтуынша, "Нормандтық төрттік" Минск келісімдерін қатаң сақтануы керек. Сондай-ақ белгілі болғандай, ОБСЕ бұдан былай Донбасста миссиясын жүзеге асырмақ.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Барлық қатысушылар, Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды реттеу үшін, Минск келісімдерін ұстануды жақсы ұғынады. Біз ауыр техника сақтаулы бекеттерде ОБСЕ миссиясын кеңейтуге қарсы емеспіз.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА