Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттіке үміткерлер анықталса да, ешқайсысы құжат тапсырған жоқ - Өзбекстан ОСК Баспасөз қызметінің басшысы

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2016
  • 2235

Өзбекстанда президенттікке үміткерлер анықталды. Бірақ олардың ешқайсысы Орталық сайлау комиссиясына барып, кандидат ретінде тіркелмеген. Бұл туралы комиссияның баспасөз хатшысы хабарлады.

Низаметдин Нұрматов, Өзбекстан ОСК баспасөз қызметінің басшысы:

Сайлауға қатысатын барлық партиялар құрылтай өткізді. Үміткерлерді ұсыну 65 күн қалғанда басталып, 45 күн қалғанда аяқталады. Одан кейін құжат қабылдау басталады да 7 күн ішінде орталық сайлау комиссиясының үндеу парақтарының дұрыс толтырылғаны тексеріліп, үміткердің кандидатурасын бекіту мәселесі қарастырылатын болады.

Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарып жатқан премьер-министр Шавкат Мирзиеев мемлекет басшылығына үміткер ретінде ұсынылып отыр. Бұған дейін "Өзбекстанның либералдық-демократиялық  партиясы"  саяси кеңесінің отырысында Мирзиеев кандидатурасы қолдау тапқан болатын. Өзбекстанның Халық-демократиялық партиясының төрағасы Хотамжон Кетмонов, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан Нариман Умаров және «Милли тикланиш» демократиялық партиясынан Сарвар Отамуратов өз партияларының құрылтайларында президенттікке лайық деп танылған. Ала шапанды ағайын 4 желтоқсанда өз көшбасшысын сайлайды.

Айбек ҚОСАНОВ