Ерке Есмахан енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2023
  • 946

Биыл тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан енесімен қандай қатынаста екенін айтты. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында баяндады.

Желі қолданушысының бірі әншіден енесімен қандай қарым-қатынаста екенін сұраған. Ал әнші енесіне еркелейтінін атап өтті.

"Еркелеймін, еркелетемін. Анамнан үйренерім көп, алтын адам. Аллаға шүкір, текті жерге келін болып түстім", - деді Ерке Есмахан.

Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан өзін "кемпір" деп атайтын хейтерлеріне жауап қайтарған болатын.