Колумбияда тау опырылып, 14 адамның өмірін қиды

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2023
  • 986

Колумбияның орталығында тау топырағының құлауы салдарынан кемінде 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.

Associated Press хабарлауынша, бұл туралы Кудинамарка департаментінің губернаторы Николас Гарсиа Бустос Twitter-де мәлім еткен.

«Бүгінгі таңда оқиға орнынан 14 адамның денесі табылды, 6 адам тірі табылып, медициналық мекемелерге жеткізілді», - деп жазды ол.

Құтқарушылар оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.

Белгілі болғандай, тағы 20-ға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Айта кетсек, бірнеше күн қатарынан толассыз жауған нөсер жауын салдарынан тау жыныстары қозғалып, соның соның салдарынан жергілікті өзендер арнасынан асып кеткен. Топырақ көшкіні Наранхал ауылында болған.