Шымкент қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2023

20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады, деп хабарлайды Астана телеарнасы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - деп жазды комитеттен.