«ЭКСПО» компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияев көрменің техникалық-экономикалық негіздемесінің құнын 1,2 триллион теңгеге дейін асырып көрсетуге мәжбүрледі". Айыпталушылардың бірі - «Rona LTD» серіктестігінің жобалық компания басқарушысы Орал Ибаділдина - бүгін сот алдында осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ермегияевтан құрылыс материалдарының бағасын мейлінше қымбат етіп көрсету жайында пәрмен алғанын айтады. Кейіннен онсыз да жоғары етіп көрсетілген бағаны тағы 30-40% ұлғайту керек деген бұйрық алдым дейді. Өзі кінәсін толық мойындап отыр.
Айта өтейік, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы істі қарау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталған 23 фигуранттың 14-і кінәсін мойнына алды. Десе де, бас айыпталушы Талғат Ермегияев айыбын мойындар емес.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА