Екібастұзда автогаз құю бекетінен өрт шығып, жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2023

Павлодар облысында автогаз құю бекетінің 4 цистернасынан өрт шықты.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт Екібастұз қаласындағы автокөліктерге автогаз құю бекетінен шыққан.

«Өрт жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты. Өрттің көрші ғимараттарға, жолдан кейін 100 м қашықтықта орналасқан меншік үй секторларына өту қаупі бар», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр.

Сағат 15.00-де түскен ақпаратқа сүйенсек, қазіргі сәтте өртт оқшауланды.

«Өртті сөндіру жалғасып жатыр», - делінген ТЖД Хабарламасында.