Президент Тоқаев Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедті Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі.