Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында тұрғынның ауласынан 22 келіге жуық есірткі тәркіленді

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2023
  • 1729

Қызылордалық полицейлер "Қарасора – 2023" және "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сырдария ауданы, Бесарық ауылы тұрғынының мал қорасынан ірі есірткі алқабын анықтап, күдіктіні ұстаған.

Жедел-тергеу тобымен тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 35 түбі анықталды.

Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек, ұсталған азаматтың жеке заттарын, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: шланга, күрек, кетпен тәркілеген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, 35 түп сораның жалпы салмағы 22 келіге жуық болып шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2–бөлігіне (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.