Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында 200 тоннаға жуық пішен отқа оранды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2023
  • 1484

Батыс Қазақстан облысында 200 тоннаға жуық пішен отқа оранды.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 тамыз күні Жәнібек ауданы Ақоба ауылында болды.

«Сағат 00.44-те Х. Хабиуллин көшесі, 6 мекенжайында алдын ала мәлімет бойынша 150 тонна пішен мен аумағы 108 шаршы метр қора-қопсы жанды. Сондай-ақ, С. Сейфуллин көшесі, 4/1 мекенжайында 36 тонна пішен өртеніп кетті. Адамдар зардап шеккен жоқ. Өрт сағат 05.20-да оқшауланып, 10.48-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қасақана от қойылуы да ықтимал.