Атырауда он күн бойы ыстық су болмайды

  • AstanaTV
  • 30 тамыз 2023

Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су болмайды.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ осы жылдың 4-15 қыркүйегі аралығында күрделі жөндеу кестесіне сәйкес магистральдық жылу желілерін толық тоқтату жұмыстары жүргізіліп жатқанын қала тұрғындарына хабарлайды.
Осыған байланысты қаланың барлық жылу пункттерінен ыстық су беру тоқтатылады», - деп жазды «Ақ Жайық» басылымы.