Русский Сайттың толық нұсқасы

«Шахмат керуені» ел аралап жүр

  • 22 қыркүйек 2023
  • 1207

«Шахмат керуені» ел аралап жүр. Қарағандыға аялдаған олар шахтерлар шаһарынан үздік ойыншыларды анықтады. Арнайы керуен үшін қойылған жылжымалы киіз үйдің ішінде шахматтан турнир өтті. Қарағанды ​​– Көкшетау, Петропавл және Қостанайдан кейін «Шахмат керуені» аялдаған төртінші қала. Жобаның мақсаты – еліміздің барлық өңіріндегі шахмат қозғалысын дамыту. Шахмат федерациясы екі жылдың ішінде бастауыш сынып оқушыларының 20 пайызын осы ойынға үйретуді жоспарлап отыр. Қарағанды ​​облысында шахматпен 20 мыңнан астам адам айналысады және осы спорт түріне арналған 149 секция бар.