Өскеменде құны 8,5 миллион теңге болатын вейп және бір реттік құрылғылар тәркіленді

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2023

Өскеменде өткізілген ЖІШ барысында құрамында никотин бар электрон темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді.

Өткізілген іс-шаралар нәтижеcі бойынша 8,5 миллион теңге сомаға 2000-ға жуық құрылғы тәркіленген.

"Осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБК-де жауапкершілік көзделген, санкция акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаза көздейді. Материалдар сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Темекі өнімдері мен бір реттік электрон темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

"Құрметті азаматтар! Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вэйптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына және сатып алуларына назар аударуды сұраймыз", - деді ҚМА өкілдері.