7 мұғалім «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2023

Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді.

Аталған марапат мына мұғалімдерге салтанатты түрде табысталды:

— Еңбек ардагері Майра Мәмбетова (Алматы қаласы);

— Қожаберген жырау атындағы орта мектеп мұғалімі Айжан Қапезова (Петропавл қаласы);

— С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі Роза Салимова (Түркістан облысы);

— А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия мұғалімі Сәбира Күлпейісова (Қарағанды қаласы);

— академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің мұғалімі Сәбит Ибадуллин (Павлодар облысы);

— Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің мұғалімі Айгүл Ержанова (Астана қаласы);

— Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Баян Базарғалиева.