Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда COVID-19 вирусының "Эрис" деп аталатын түрі тіркелгенін ескертті.
5 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда ай сайын айналымдағы коронавирусқа генетикалық зерттеулер жүргізілетінін атап өтті.
"Елге аурудың басқа клиникалық көрінісі бар жаңа штамының келген-кірмегенін білуіміз керек. Соңғы зерттеу деректері бойынша Қазақстанда "Эрис" деп аталатын "Омикронның" жаңа штамы анықталды", - деді Ажар Ғиният
Министр қазір бүкіл әлемде "Омикронның" жаңа штаммдары тіркеліп жатқанын айтты, өйткені коронавирустың сыртқы ортада айналымы кезінде мутация болады.
"Қандай штамм болса да, коронавирустық инфекцияның клиникалық көрінісі бірте-бірте өзгеріп келеді. Сырқаттану кезеңі қысқарды, науқастардың жағдайы аурлығы бойынша орташа немесе жеңіл болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19-дан тек 35 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Бұл қатар жүретін аурулары көп қарт адамдар", - деді Ажар Ғиният
Денсаулық сақтау министрі халық арнайы медицина мамандарына неге жазыла алмай жүргенін түсіндірді.