Русский Сайттың толық нұсқасы

Еріген қар суынан зардап шеккен ауылдар саны артты

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2016
  • 1469

Ал Қызылжар өңірінде еріген қар суынан зардап шеккен ауылдар саны артуда. Бүгінде 4 ауылдағы 122 үй судың ортасында қалған. Донецк, Доброженов, Обухов және Ясная Поляна ауылдарының тұрғындары мектептерге орналыстырылды. Ал кейбірі туыстарын паналап жүр.

Жергілікті билік өкілдері мен төтенше жағдай қызметі бар күшін тасқынмен күреске бағыттаған. Су басқан елді мекендерде 160 техника арықтарды қазумен әлек. Тұрғындар да құтқарушыларға көмектесуде. Тынымсыз жұмыстың арқасында тасқынның беті қайта бастаған. Қауіпсіз жерге көшірілген 340-тан астам тұрғынның жартысына жуығы үйлеріне оралды. Билік өкілдері табиғи апаттан зардап шеккендердің шығынын өтеуді жоспарлап отыр.

Владислав Галицкий,  Ясная Поляна ауылдық округінің әкімі:

Апаттың қауіпті екенін түсінген адамдар керек-жарақтармен қамданып, арық қазуға жәрдемдесті. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып істеген жұмыстың арқасында судың деңгейі төмендей бастады. Мектепте жүзден астам тұрғын бар.  Олар төсек-орынмен және азық-түлікпен қамтылған.

Абзал ҚҰРМАНКИН