Енді экзит-пулдың алғашқы нәтижелері жайлы ақпаратқа құлақ түрелік, дәл қазір арнайы брифинг барысымен сіздерді таныстырмақпыз.
Елдегі саяси науқанды өткізу үшін барлығы 9 840 сайлау учаскесі ашылған. Сондай-ақ 27 миллионнан аса сайлау бюллетені дайындалды. Бүгінгі сайлау жалпы халықтық мереке іспетті көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Бұл жолғы шараны қадағалауға 964 шетелдік өкіл келген. Олар сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.