Русский Сайттың толық нұсқасы

Садыр Жапаровтың туыс бауыры үйқамаққа жіберілді

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2023
  • 1152

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың "жемқорлық жасады" деп айыпталған туысы Ұлан Жапаров үйқамаққа шығарылды.

Ішкі істер министрлігінің тергеушісі бұлтартпау шарасын 26 қарашаға дейін өзгертуді сұрады. Бұған дейін айыпталушы №21 түзеу мекемесінде болған, деп мәлімдеді 24.kg.

Садыр Жапаровтың туысына Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша айып тағылды. Істі Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметі жүргізіп жатыр.

Ұлан Жапаров – Садыр Жапаровтың туысқан ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.