Сауд Арабиясы қар құрсауында қалды. Тіпті елдің солтүстік және орталық аудандарында аяз қаһарына мінген деседі. Бұл жайында Аль-Арабия телеарнасы хабарлайды. Шакра, Табук қалаларында сынап бағанасы 0-градустан төмендеген. Ал Эр-Рияд пен Джидда қалаларында толассыз жауын құйған. Көктайғақ салдарынан көлікпен қатынау мүмкін болмай отыр. Бұл ауа райы осы аптаның соңына дейін жалғасады, дейді мамандар.
Әдетте осы кезде елдегі орташа температура +20 градустан түспейтін. Жергілікті халық ауа райының тосын мінезіне аң-таң. Сырғанап, қар атысып, мәре-сәре. Құқық қорғау органдары мен құтқарушылар халықты сақтыққа шақырып жатыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА