Димаш Астанада өнер көрсетеді

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2023

Әнші, музыкант, артист Димаш Құдайберген Қазақстанға келеді. Ол 17 қарашада Астанада болатынын айтты.

"Ертең үйде боламыз. Астана аренада ұлттық құрамамызды бірге қолдайық! Алға Қазақстан!" - деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін музыкант Женеваға барып, Швейцариядағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде де болған.

17 қараша күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Н кіші тобының тоғызыншы туры аясында "Астана Аренада" Сан-Марино командасына қарсы ойнайды.

Еуро-2024 іріктеу турнирінің сегізінші турынан кейін Қазақстан құрамасы 15 ұпаймен H кіші тобының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Сан-Марино ұпайсыз соңғы орында.