«Ертіс» компаниясының бұрынғы басшысы үш жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2016

Өскемен соты «Ертіс» ұлттық компаниясы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының экс-басшысы Манарбек Сапарғалиевті үш жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оның жеке мүлкі тәркіленіп, біржола мемлекеттік қызмет атқарудан шеттетілді.

Естеріңізге салайық, ол 2015 жылдың желтоқсанында 1 миллион 203 мың теңге пара алу үстінде ұсталған еді. Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының мәліметінше, Сапарғалиев «Жәрдем» базарының директорынан қызметінде қалуы үшін ақша талап еткен. Бірақ сот барысында экс-шенеунік кінәсін мойындаған жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ