Сөнбеген жалын

Үнді телехикаясы

Бұл — қазіргі Үндістанда өрбитін тартысты драма. Бас кейіпкер — Жанак есімді күш-жігері тасыған кашмирлік бойжеткен. Ол үшін би өнері — өмірінің ажырамас бөлшегі. Бойжеткен анасына қолғабыс етіп, оқу ақысын төлеу үшін қайықта гүл сатып еңбек етеді. Алайда, тағдыр Жанакқа күтпеген сынақтар дайындап қойған еді. Қашмирге қалыңдығымен келген Анируддтың көлігімен болған қайғылы оқиғадан кейін, бойжеткеннің армандары мен үміттері күл-талқан болады. Оның үстіне, ол сәтсіздіктерге тап болып, есеппен үйленуге мәжбүр болады. Сериал Жанактын өмір жолын, оның қиындықтармен күресін және армандарына жету жолындағы кедергілерді қалай жеңетінін баяндайды. Бұл жолда ол өміріне әсер етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын түрлі жандарды жолықтырады.

  • Соңғы шығарылым