Жарасбай (Жүсіп Ақшора) ақсақал кемпірінің моласына жиі барып, сырласып отырады. Алты баласының жетістіктерін,қызықтарын,проблемаларын бөліседі... Бұлардың алты баласы бар, Үлкені -Лесбай (Берік Тұрсынбеков) 50 ге кеп қалды, жекеменшік мед.орталықта білдей врач. Екіншісі -Оразбай (Дәурен Жұмаділов) 45 ке келді,налоговый инспектор.
Үшіншісі қара шаңырақтағы Құласбай (Мейрамхан Шалқыбаев- Михон) кішігірім мешітте молда. Төртіншісі-Мықтыбай (Нұрболат Есенбекұлы) маи қызметкері.
Бесіншісі - Түктібай (Ерлан Дәулетбеков) механик. Алтыншы кенжелері -Құттыбай бойдақ студент. Әрқайсысының мінезі де,көзқарастары да, тіпті қоғамдағы статустары да әртүрлі. Бірақ бұларды байланыстырып,қайта бір шаңыраққа жинайтын арқан- ағайындық махаббат.
Жалпылама уақиға 16 серияға созылғанмен, әр сериясы ағайындылардың проблемалары арқылы әртүрлі оқиғағадан құралады. Бір бөлімінде әйелдермен проблема,бір бөлімінде коррупциямен проблема, бір бөлімінде тілмен проблема, енді бірде доспен, ағайынмен, отбасымен проблемаларды бәрі бірігіп шешеді.
Алты ағайын арқылы қоғамдағы ер азаматтарымыздың тіршілігі қазақы әзіл тілмен, қызықты қақтығыстармен, шытырман оқиғалармен көрсетіледі. Сонымен қатар отбасы құндылығ, ағайын арасындағы махаббат, үлкен мен кіші қарым - қатынасы суреттеледі