Сонымен Парламент Мәжілісіне таласқан партиялар мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Мәжілісте сол бұрынғы үш партия отырады – 84 орын «Нұр Отанда», 7 орын «Ақ жолда», тағы 7 орын Қазақстанның коммунистік халықтық партиясында. Халық ассамблеясының атынан түсетін 9 депутат та сайланды.
Жұмада алтыншы шақырылған парламенттің алғашқы сессиясы өтті, Мәжіліс төрағасы мен орынбасарларын сайлап ғана қойған жоқ, қазіргі үкіметке сенім артып үлгерді. Айта кететіні - үкіметке сенім білдіру дауысқа қойылғанда 96 депутат қолдады, 4 адам қарсы болды, 7 адам қалыс қалды. Премьер-министр Кәрім Мәсімов «Сіздердің сенім мен үшін де, үкіметтің барлық мүшесі үшін де құрмет және үлкен жауапкершілік. Мемлекет Басшысы бекіткен стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы жұмысты жалғастырамыз»,- деп жауап берді.
Бір қызығы, үкіметке сенім артқан кезде оның бір мүшесі В.Школьник етін. Артынша қызметінен алынды...
Алдымен сайлау туралы аз-кем детальдар. Мәжіліс ғана емес, мәслихат сайлауынан да. Мысалы, «Жаужүрек мың баланың» «бірі», Алматы мәслихатының депутаты – актер Асылхан Төлеповтен интервью алдық. Азамат Алдоңғаров жалғастырады.
Бұл саяси науқан халықтың азаматтық белсенділігі мен бірлігіне үлкен сын болды. Әлемнің әр түкпірінен жеткен тәуелсіз байқаушылар Қазақстан халқының сайлаудағы белсенділігін айтып, таңданғаны да бар. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарына халықтың 77 пайызы дауыс берді. Оның 82 пайыздан астамы «Нұр Отан» партиясына сенім артқан. Нұротандықтардың жеңіс форумында мемлекет басшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, халықтың ынтымағын «ұлт пен мемлекеттің ерекшелігі»,- деді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мұндай бірауыздық мынандай аласапыран заманда дүниедегі, ешбір ел, ешбір халық көрсетіп отырған жоқ. Бұл біздің қазақтың ,қазақстандықтардың ерекшеліктері дәл осында міне.
Осы сайлауда жеті пайыздық межеге жете алмаған үш партия – «Бірлік», «Ауыл» және «Жалпы ұлттық социал-демократиялық» партиясы. Осылайша бұл жолы да парламенттің құрамы өзгеріссіз үш партиямен жасақталды. «Нұр Отан» партиясы атынан сенім мандатына ие болғандар қатарында тәжірибелі, сақа саясаткерлер көп. ГРАФИКА: Қабиболла Жақыпов, Майра Айсина, Ирина Аронова, Мәулен Әшімбаев, Зағипа Балиева, Гүлжан Қарақұсова, Омархан Өксікбаев, Мұхтар Тінекеев, Қуаныш Сұлтанов. Мәжілістің бесінші құрамынан алтыншыға аттап өткен ұзын саны 33 депутат бар. Олардың қатары биыл белгілі қоғам қайраткерлері, ақпарат саласының мамандары, құқық қорғаушылар, түрлі деңгейдегі мемлекеттік менеджерлер, мүгедектер қауымдастығының өкілімен де толықты. Білдей бір өңір тізгінін депутаттық қызметке алмастырған Бақтықожа Ізмұханбетов те алтыншы сайланым сабында.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Думаю, что это оптимальный состав. В него включили представители всех слоев населения бизнеса, всех отраслей экономики, творческой интеллигенции, НПО и социальной сферы. Уверен, что эти депутаты будут достойны представлять партию «Нұр Отан» в Парламенте.
«Ақ жол» мен «Қазақстан халықтық коммунистік партиясы» 14 мандат алды. Қос партияның парламенттегі тізімдері елу пайызға жаңарған.
107 депутаттың тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатыны мәлім. Оның қатарында ҚР Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко мен белгілі журналист, «Егемен Қазақстан» газетін басқарған Сауытбек Абдрахманов бар. Ассамблеяның кандидаттарына президент те дауыс берді. Елбасы ассамблея мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қазақстан-Украина» облыстық достық қоғамының төрағасы Леонид Гиршке қол сағатын сайға тартты.
Ал түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 3335 депутат сайланды. Мың кандидаттың арасынан халықтың өзі қалап шығарған бір баласы бар. Алматы қаласы мәслихатының депутаты, көпшіліктің жүрегіне «Жаужүрек мың баладағы» Сартай батыр боп жол тапқан Асылхан Төлеповпен тілдестік. «Жас болса, іске» деген жігіттің қадамы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бірі «сәттілік» деп белін буса, енді бірі күңкіл сөзге ерік береді.
Асылхан Төлепов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:
Әр адамның өзінің ойы бар, үлкен кісілер жастар шықсын деп жатса, жастар жағы маған кішкене күмәнмен қарап жатыр, қолдап жатқандары да бар. Мен барлық пікірлерді өзіме сын ретінде қабылдаймын. Мен өзімді салыстырғаным емес, бірақ мысал ретінде қарайтын болсақ, біздің бүкіл ата-бабаларымыз, Шоқан Уәлиханов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, өзім сомдаған Сартай батырдың өзі 13 жасында мың бала жасағын құрып, соғысқа аттанып, соғыстан аман-есен келгенде 16 жасында би атанған. Енді мен ойлаймын сол ата-бабаларымыздың ерлігі, біздің қазақтың қанында қалып қойған. Сол кезде жасаған ерлікті мен осы заманда жасағым келеді. Мен өзімнің күшіме сенімдімін, сағымды еш сындырмаймын. Барша сенім артқан Наурызбай ауданының тұрғындарына көптен-көп рахметімді айтамын.
Саясатқа енді араласқан жігіт бос уәде беріп, жұртты алдаудан аулақ. Мүмкіндігін бағамдап, «қолдан келгенше аянбай қызмет етемін деп уәде еттім, сертім серт» дейді.
Асылхан Төлепов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:
Енді мен ешкімге келісім беріп жатқан жоқпын, сөз беріп жатқан жоқпын, мен сіздерге асфальт салып беремін, мен сіздерге су жүргізіп беремін, свет қосып беремін деп. Өйткені келісім берген соң оны істеу керек, мен сөзден қашпаймын, мен қазіргі мүмкіншілігіме байланысты келісімімді бердім. Яғни мен сіздердің көздеріңіз, жүректеріңіз боламын. Сіздердің ауданда болып жатқан проблеманы мемлекеттік деңгейде, мәслихта төрінде заң жүзінде тырысатын боламын деп сөз берген едім.
Сайланған түрлі деңгейдегі депутаттар арасында жастар көп. Бұл елміздің саяси өміріндегі жағымды жаңалықтардың бірі. Келесі үлкен жаңалық туралы мемлекет басшысының өзі шетелдік журналистермен өткен кездесуде айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Президентская система власти в Казахстане существует. Речь может идти по распределению власти между ветвями - президентом, парламентом и правительством. Мы в этом направлении думаем .Когда это будет происходить, мы посмотрим по обстановке в экономике, в мире, внутри страны. Если будет такова воля, что надо будет переходить на другую систему управления, мы очень серьезно над этим будем думать и думаем.
Бүгінге дейін Ұлттық жүз қадамға қажетті заңдар қабылданса, енді оны іске асыру міндеті тұр. Президент шенеуніктерден берген серті мен уәделеріне берік болуды сұрады. Елбасы сайлау аяқталған соң Асылхан сынды елгезек жастарға аманаты мен батасын да берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Наурыз күні берген бата ақжолтай болады дейді. Сендерге, жастарға менің беретін батам, айтатын аманатым Отанды сақтап, тәуелсіздікті құрметтеп, қасық қандарың қалғанша құрметтеп, сақтай білу. Екінші, Қазақстанның бірлігін сақтақ, ешкімді ренжітпей, сендерді де ренжітпей аман-есен болып, Алла тағалам сіздерге зор денсаулық берсін!
Азамат Алдоңғаров, Ришат
Асқарбекұлы, «Біздің уақыт».