Басшылық
Кордаханова Елена Александровна

Кордаханова Елена Александровна

1975 жылы 27 тамызда дүниеге келген. Тұрмыста.

Жұмыста өзін жауапты, коммуникабельді және барлық тапсырмаларды кәсіби түрде орындай алатын маман ретінде көреді. Өмірдегі ең басты мақсаты - балаларының білімі мен тәрбиесін қадағалау. 

Кітап оқығанды және дәмді тағамдар әзірлегенді ұнатады. 

А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстандық гуманитарлық университетті "Тарих" мамандығы бойынша тәмамдаған, кейін Е.Букетов атындағы ҚарМУ ЖОО жанындағы "Болашақ" актуальды білім институтына "Құқықтану" мамандығы бойынша түседі. 

Өзінің қызмет жолын Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотында бастаған. Онда сот отырысының хатшысы қызметінде болған. 

1998 жылы ҚазГЗУ ЖОО-ның Батыс Қазақстандық филиалында заң факультетінде ассистент қызметінде жұмыс істеген. Кейін Республикалық әскери мектеп-интернатта тарих пәнінен мұғалім болған. 

2001-2005 жылдары Астана қалалық сотында әкімші, сот отырысының хатшысы, бас маманы қызметінде болады. 

Кейінірек "СТЕМП" заң орталығында заңгер қызметін атқарады. 2007-2012 жылдар аралығында заң бөлімінің бас маманы, жетекші маманы, "РТРК Қазақстан" АҚ заң бөлімінде директордың орынбасары қызметінде болады. 

2012 жылдың 2 сәуірінен қазіргі уақытқа дейін "Астана" телеарнасының әкімшілік-құқықтық қызметінің басшысы.