Ауа райы -
Басшылық
Әбілдинов Әзизхан Бақытұлы

Әбілдинов Әзизхан Бақытұлы

Әбілдинов Әзизхан Бақытұлы 1984 жылы 3 қыркүйекте Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. 

Жоғары білімді. 2001-2005 жылдар аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін саясаттану мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006-2008 жылдары дәл осы оқу орнында саясаттану ғылымдарының магистрі дәрежесін иемденген. 2008-2010 жылдар аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде экономика мамандығы бойынша білім алған.  

Еңбек жолын 2005 жылдың тамыз айынан «Сәтпаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маман болып қызмет етуден бастаған. 

2006 жылдың қаңтар айынан бастап «Қарағанды облысының ішкі саясат департаменті» ММ саяси партиялар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы болады. 

Араға тура бір жыл салып, 2007 жылдың қаңтар айында «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маман-инспекторы болып бекітіледі. 

2007 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қарағанды облысы энергетика және коммуналды шаруашылық» ММ ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарады. 

2008 жылы сәуір айында Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы әкімі аппаратының басшысы атанады. 

2008 жылдың қараша айынан ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының эксперті болып жұмыс істейді. 

2010 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының кеңесшісі қызметіне ауысады. 

2013 жылдың тамыз айынан ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығында ақпараттық-сараптамалық жұмыс секторының меңгерушісі болып тағайындалады. 

2015 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің ақпараттық жұмыс секторының меңгерушісі атанады. 

2017 жылдың наурызынан «Nur Media» Холдингінде ақпараттық және жарнамалық саясат департаментінің басшысы болып бекітіледі. 

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап «Nur Media» Холдингі ақпараттық жұмыс департаментінің директоры қызметіне келеді.

2019 жылдың сәуір айынан «Nur Media» Холдингі Бас директорының орынбасары қызметін атқарып келген. 

2021 жылдың 14 қыркүйегінен бастап «ASTANA TV» телеарнасының Бас директоры.