Ауа райы -
Басшылық
Бахтығалиева Дана Серікбайқызы

Бахтығалиева Дана Серікбайқызы

20 жылдан астам уақыт бойы телевизия саласында қызмет етіп келеді.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын «Өнертанушы» мамандығы бойынша тәмамдады. Өнертану кандидаты ғылыми атағының иегері.

Кәсіби жолын 1998 жылы «Хабар» радиосында музыкалық жүргізуші қызметінен бастаған. «Ән қанатында» жобасының авторы.

1999 – 2004жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ «Хабар-2» (кейін «Ел арна») телеарнасында «Ұлы музыка ұлағаттары» жобасының сценарий авторы,

2004 – 2008жж. – «Caspionet» телеарнасы Бағдарламалар қызметінің редакторы

2008 – 2010жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы бизнес-жаңалықтарының продюсері, жүргізушісі

2013 – 2015жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ Бағдарламалар қызметінің редакторы.

Сондай-ақ:

• «Білім және Мәдениет» телеарнасындағы «Тағдыр жолы», «Егіз жүрек» деректі фильмдер циклдерінің сценарий авторы;

• «Білім және Мәдениет» телеарнасындағы «Ғылыми кеңес» жобасының сценарий авторы;

• «Ел арна» телеарнасындағы «Оян kz» жобасының сценарий авторы;

• «Білім және Мәдениет» телеарнасындағы «Нұрлы отау» бағдарламасының сценарий авторы әрі жүргізушісі

2016 – 2019жж. аралығында «Алматы» телеарнасының:

• бағдарламалық директоры,

• рromo бөлімінің басшысы,

• жеке өндіріс департаментінің директоры,

• бас директордың орынбасары

2019 – 2021жж. –«ASTANA TV» телеарнасында Арнайы жобалар департаментінің директоры

Марапаттары:

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі

«Ақпарат саласының үздігі»

«Астана – Ұлы дала Елордасы» байқауы аясында«Үздік телевизиялық сюжет» аталымының жеңімпазы

«Қазақстан Конституциясына 25жыл» мерекелік медалі

Отбасылық жағдайы: тұрмыста, 3 баласы бар.