Ауа райы -
Басшылық
Балтабаев Адильбек Курмангалиевич

Балтабаев Адильбек Курмангалиевич

Әділбек Құрманғалиұлы Алматыдағы энергетика және байланыс институтын, Қазақ-Америка университеті жанындағы Алматы техникумын, Санкт-Петербург қаласындағы Бонч-Бруевич атындағы институтты тәмамдаған. 

«Той думан», «Astana TV» арналарында техникалық директор, сондай-ақ «Almaty TV» және «Жетінші арнада» техникалық департамент директоры болып қызмет атқарған. Біраз жылдар бойы жүйелік инженер, әкімшілік және сервистік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, теледидар және РВ жабдықтарын жөндеу-профилактикалық қызметінің жетекші инженері болып жұмыс істеді. 

«Алматы» телеарнасын студиялық павильоннан бастап жаңартты, қажеттіліктерді жобалау және есептеу, автоматтандырылған хабар таратумен айналысты. «Той Думан» телеарнасының ашылуының бастауында тұрды, телеарнаны нөлден бастап техникалық жабдықтаумен және баптаумен айналысты, хабар таратуды автоматтандырды. «Астана» телеарнасында жұмыс істеген, схемалар мен тракттар жасаған, студия павильондарын, жабдықтарды жаңартқан. 

Дәл қазір Әділбек Құрманғалиұлы «Astana TV» арнасының техникалық директоры.