Басшылық
Кылыч Әйгерім Шотбайқызы

Кылыч Әйгерім Шотбайқызы

1982 жылдың 17 желтоқсан айында Семей қаласында дүниеге келді. 2013 жылы Өскемен қаласындағы Шығыс гуманитарлық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдады. «МИРБИС» Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебінде қаржы менеджменті мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Экономикалық жоспарлау және қаржылық сарапшы маманы бойынша 10 жылдан астам өтілі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Жұмыста ең алдымен тәжірибе мен адами қарым-қатынасты бағалайды. Бос уақытында отбасымен болғанды және кітап оқығанды ұнатады. Авторлардан Сергей Довлатовтың шығармашылығына қызығады. Өмірде бастысы -  қиындыққа мойымай, мақсатқа дұрыс жолмен жету керек деп есептейді.  "Жеңістің бәрі - алда, бастысы - оған сену!" Сүйікті мерекесі - Тәуелсіздік күні. Келешекте теңіз жағасында тұруды армандайды.